Батырлар қасымызда. 1 бөлім бесплатное чтение

© Серик Байжанов, 2025

ISBN 978-5-0065-8009-1 (т. 1)

ISBN 978-5-0065-8010-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Батырлар қасымызда 1 бөлім

Ислам

Мен сіздерге бір әңгіменің басын бастап айтып бергім келіп отыр.

Бір күні Алматы – Жезқазған поездында келе жатып, плацкарт вагонында, бір жігітті кездестірдім. Өзі қарапайым жігіт екен. Танысып, есімі Ислам екен, әңгімелесе мен сұрақ қойып, ол жауап беріп отырды. «Сенің жасың нешеде?», – деп едім, «21-де», – деп жауап қайтарды. «Әскерде болдың ба?», – деп едім, «Иә, болдым», – деп күлді. «Неше тұрлы қызықтар болған шығар», – деп едім, «Иә, болды ғо», – деп күлді. «Қайдан келесің?», – деп едім, «жұмыстан» – деді. «Қай жерде жұмыс жасайсың?», – деп сұрадым, «ашық карьерде» – деп атын айтты.

Өзі қарапайымдылығы соншама, мен сұрамай-ақ әскердегі басынан өткен қызық жағдайлары жайлы айтып күліп отырдық біраз. Әңгімелесе отырып, «түстің шайын кел, екуміз ішейік», – дедім. Ол да қосылып, мәз болып менімен шай ішті.

Содан соң, «қой енді жатып дем алайқ», – деп едім, «иә», – деп, болып: «Секе, мен сізге астынғы орынды берейін деп едім, бірақ бере алмаймын», – деп айтты. «Ештеңе етпес оған қам жеме, жата бер», – дедім. Мен сұрамай-ақ, өзі ұялып: «операциядан кейін сондай болды, жата алмайтын болдым, қанның қысымы көтеріледі», – деп өзі айтты. «Жас емессің бе, ненің операциясы?», – деп едім. «Ой, шешем ауырып қалып көмектестім», – деп жауап берді. Екеуміз, ол астына, мен үстіне жата кеттік.

Біраз демалған соң, оянып астына тустім, қарасам, көрші үлкен кісі ақсақал, жасы шамасы 70-те болу керек, «әй балалар, кел шай ішіңдер менімен, бір өзіме шай жүрмей отыр», – деп күлді. Ислам екеуміз тағы да ақсақалмен шай ішіп отырып, мен: «не операция ол?», – деп сұрадым.

Ақсақал да аузын ашып қарап отыр, әңгімесін айта ма деп, мен де күтіп отырмын. Біраз уақыт өтіп, өзі бастады:

– Мен әскерден келгенде, ауыр хабарды үлкен әпкемнен естідім, шешеміз ауырып, операция жасау керек деп отыр екен. Әпкем Алматыда тұратын, сондықтан сұрап-сұрап, электронды түрде, әйтеуір көзіне жас алып, операция жасайтын жерді де тауып, жазып қойыпты. Әпкем: «Енді не істейміз?», – дегенде, ойланып жүріп «сол аурухана жаққа барайық, солар жауабын айтады», – деп жауап бердім. Таксиге мініп сол ауруханаға бардық, бас дәрігерімен сөйлесіп едік, «сендердің шешелеріңе операция керек», – деп, мән-жәйді айтып берді, диагнозы бауырдың циррозы деп, оған трансплантация жасауға кеш болады деді. Анализдерін қарап отырып, «қаны сәйкес келетін адамды табу керек», – деді. Содан соң бауырды ауыстырып салатын сәйкес адамның жоқтығын айтты, бірақ біраз күту керектігін де айтты.

Дәрігер біраз отырып, бауырды қаны сәйкес келетін, сол үйдің бір мүшесі бере алатынын және де бір жылда бауырдың регенерациясы болып, өсіп, өз қалпына келетінін де айтты. Оны естіп әпкем іштей жылап, екеуміз үйге қайттық.

Сол түні электронды кітаптарды, біраз жаңалықтарды оқып, таңертең әпкеме: «жүр барып тағы да дәрігермен сөйлесейік», – деп шештім. Мен әпкеме айттым, «мен жаспын ғо, мен ауру емеспін, менің бауырым трансплантацияға келетін болса, менің бауырымды алып жасасын», – деп дәрігермен сөйлесуге шештім.

Ақсақал екеумізде сөз жоқ. Бірақ аң-таң болып, балаға қарап отырмыз, «сосын не болды?», – деп.

– Ауруханаға бардық, дәрігермен сөйлестік, өзіміздің шешімімізді айттық, дәрігер «дұрыс шешкен екенсіңдер, Ислам сені тексеру керек, бірақ оны істемей тұрып, шешелеріңмен сөйлесіп, келістіру керек», – деп айтты. Жарты күн бойы сөйлесіп шешемізбен, әйтеуір келістірдік. Дәрігер келіп шешемізге: «қолдан келетіннің барлығын жасаймын», – деп сертін берді.

– Маған келесі күннен бастап тексерулер жасап, менің қан тобымның келетінін және операцияда менің 70 пайыз бауырымды кесіп шешеме салынатынын айтты. Мен қорыққан жоқпын, бір Аллаға сыйынып, шешемді осы аурудан аман алып қалсам деген бір міндет тұрды. Тексерулерден өткізіп болған сон, операцияға дайындады. Үлкен әпкем де қасқа, қасымда жүр, бәрі жақсы болады деген сайын, өзі теріс қарап жылайды, қайтсын, ол өзі де біліп отырғандай, арты егер жақсы болмаса, оған көп сұрақтарға жауап табу керек екенін, бір Алла аузынан түспей жүрді. Оны көрген мен, жүрегім ауырып «сабыр жас емеспін бе, Алла бұйыртса бәрі жақсы болады», – деп отырдым. Әй, сол аурухананың салқыны ма, әлде мен салқындай бастадым ба, білмедім, бірақ бір салқындық кетпей қойды. 2 күн бойы үлкен әпкемді жұбатумен болдым. Бір мезетте, сол ауруханада жас қызды көрдім, жасы 20-25-те болар, өзі көркем сұлу екен, ұзын бойлы, нағыз қазақтың сары қызы, сөйлегеніне қарағанда, көп білетін қыз екен. Мен ойладым: «аман қалсам, осындай бір қызға үйленем», – деп. «Бұл не істеп жүр екен, бір жері ауыра ма екен, әлде бір адамға келді ме екен», – деген тағы бір ой келді.

Продолжение книги